🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шу АПб-нің ЖПҚ УПИ полиция капитаны А.Қ.Тойбаев мектеп маңындағы дүкендерге күндізгі рейдтік тексеру, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ♻️Түсіндірме жұмысы барысында дүкен иелеріне кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге ҚР әкімшілік кодексінің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 423-бабындағы есірткі, психотроптық заттарды сатпауға және ҚР әкімшілік кодексінің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 200-бабында Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу, спирттік өнімдерін 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынатындығы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.