Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебінде 15 наурыз -«Қайырымдылық күніне» орай ұйымдастырылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ауылдық жерде оқитын 5-8 сынып оқушыларына жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында 5 оқушыға жолдама беріледі, осы орайда Шоқпар ауылдық әкімі аппаратының статисты Рысбекова Жазира Сериковна мектеп әкімшілігіне Сертификат табыстады.
Мақсаты: Наурыз мерекесінің мазмұнымен астасып жатқан қайырымдылық қасиеті халқымыздың дәстүрінде ежелден-ақ берік орныққан. Бұл күн -қайырымдылық, мейірімділік, татулық, бейбітшілік ұштасқан мереке.