"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпан айында мектебімізде Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында, ТӘРБИЕ бөлімінің ұйымдастыруымен 5-8 сынып қызбалалары арасында «Қыз намысы - ұлт намысы» тақырыбында қыздар жиналысы ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.