"Оқушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмаудың тиімді жолдары" кездесу
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпан айында мектебімізде Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында, 8-11 сынып білім алушыларымен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Шу АПб-нің ЖПҚ УПИ полиция капитаны А.Қ.Тойбаевтың қатысуымен Оқушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмаудың тиімді жолдары тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты:
1.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру;
2. Білім алушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмаудың тиімді жолдарын қарастыру;
3.Балаларды кішпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету;