"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Ауған соғысының 35 жыл толуына орай “Ауған оты шарпыған!” атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: мектеп оқушыларына Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеуге, патриоттық құндылықтарын шыңдауға дағдыландыру.
Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Бұл іс-шара Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тазғым етуге, ол кісілердің есімдерін қастерлеуге, білімгерлерді патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі етуге тәриелеуге бағытталды.