"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпан айында мектебімізде Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында, аға тәлімгер Г.К.Калисаеваның ұйымдастыруымен «Құқықбұзушылық және заңдылық» тақырыбында дебат ұйымдастырылып, өткізілді.
Пікірсайысқа 2 фракция қатысты.
Дебат турнирі Американдық парламенттік форматына (АПФ) сәйкес жүргізілді.
Пікірталас барысында заң бұзушылық әрекеттер туралы айтылды. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдардан хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі. Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатыны туралы айтылды. Жастар тәрбиесі қай кезеңде де, отбасына және білім ордасы мектеппен тығыз байланысты екендігі түсіндірілді.