"Қыздар тәрбиесінің өзекті мәселелері" дәріс сабағы
"Қыз Жібек" қыздар клубымен жұмыс
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, "Қыз Жібек" қыздар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес, қаңтар айында 5-11 сынып оқушы қыздары арасында Қыздар тәрбиесінің өзекті мәселелері тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ қыздардың сұлулық, әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. «Қыздар тәрбиесінің өзекті мәселелері қандай?» деген сауалға оқушы өз пікірлерін білдірді. Қыз-әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, ізеттілігімен, инабаттылығымен сыйлы деп жауап берілді. Оқушы қыздар өз ойларындағы түрлі сұрақтарын ортаға салып, жауап алдық. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, жарасымды шаш үлгісін жасау туралы кеңестер берілді.