"Интернеттің пайдасы мен зияны" тақырыбында диагностикалық жұмыс
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7-11 сынып оқушыларымен педагог-психолог Ш.Б.Темирбекова Интернеттің пайдасы мен зияны тақырыбында диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Мақсаты: Интернеттің адам денсаулығына тигізер зардаптарын білу. Әлеуметтік желідегі тәртіпті сақтау. Интернетті тиімді пайдалану.
Жұмыс барысында екі сынып топтарға бөлінді. 1-топқа: “Интернет несімен қауіпті?”, 2-топқа: “Интернеттің балаларға тигізер зардабы” тақырыптары берілді. Оқушылар оқып жеке-жеке, кейін топ алдында талқылады. Түсінгендерін постер ретінде қорғады.
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру үшін ойындар ойнап, тренинг соңында “Саған сәтті күн тілеймін” атты музыкалық тілектерді тыңдады.