"Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік!" ашық тәрбие сағаты
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік! тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі: Зубаирова Лаура Азатовнаның ұйымдастыруымен 1 - 4 сынып оқушыларымен Шаңырақ жобасы аясында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету;
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту;
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу;