"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!" ашық тәрбие сағаты
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік! тақырыбында, көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Жұмырбаева Н.Т. ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларымен Шаңырақ жобасы аясында ашық тәрбие сағатын өтті.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.