«Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» профилактикалық алдын алу сағаты
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығының негізінде білім алушылар арасында жоспарға сәйкес жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу профилактикасы бойынша мектеп психологі Ш.Б.Темирбековп және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен 6-8 сынып білім алушылармен «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында профилактикалық алдын алу сағаты өтті. Профилактикалық сабақ барысында білім алушыларға арналған “Бірлесе сурет салу” және “Додекатер” әдісін пайдаланды. Буллинг, кибербуллинг тақырыптарында түсіндіріліп, кеңестер берілді.