"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 қазан - Республика күніне орай ТӘРБИЕ бөлімінің ұйымдастыруымен Менің Отаным-Қазақстан тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс-шара Әнұранмен басталып, мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарының құттықтау сөзімен жалғасты. Білім алушылар өлең-шумақтарын айтып, күй тартып, ән шырқады.
Мақсаты: Білім алушылардың бойына туған елге, Отанға деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту; Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру; Отаншылдық құндылыққа баулу;