"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29 мамыр 2024 ж. Балажан науқаны: ата-аналардың еріктілік қызметі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы балалардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын факторлардың бірі болып табылады. Ата-аналардың баланың оқуы мен дамуына белсенді қатысуы оқушылардың оқуы мен мінез-құлық жетістіктеріне жоғары дәрежеде әсер етеді. Ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыруға еріктілер ретінде тарту оқушылардың адамгершілік дамуына он әсерін тигізеді және қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты арттыру мақсатында ата-аналар еріктілік қызметін ұйымдастыру.