Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    ⚜️⚜️Мектебім, саған мың алғыс!⚜️⚜️ тақырыбында соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша, ⚜️⚜️Мектебім, саған мың алғыс!⚜️⚜️ тақырыбында соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өткізілді.
    📌Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, мәдени құндылықтарды баланың бойына сіңіру. Жас ұрпақты туған жерін, туған елін құрметтейтін, саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.
    ♻️Жиын барысында, мектеп директоры Сатыбалды Солтыбаев оқушылардың білім жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктеріне тоқталып, түлектерге ақ тілегін айтты.
    ♻️ Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынның құрметті қонақтары ретінде ауыл әкімі Рашит Шонбай, мектебіміздің ардагер ұстаздары, ақсақалдар алқасының төрағасы А.Д.Еркешов, қамқоршылық кеңестің төрайымы М.К.Бегимбаева, ата-аналар комитетінің төрайымы Б.С.Орманкулова шақырылды. Келген қонақтар оқушыларға сәт сапар тілеп, ізгі тілектерімен бөлісті.
    ♻️Жиында мектепті үздік бітірген оқушылар марапатталды. Мектеп түлектері өнер көрсетіп, би билеп, ән шырқады. Мектептің “Алтын кілтін🔑” 11-сынып оқушысы С.Доғдырбай өзінің ізбасары, оқу үздігі 10-сынып оқушысы Г.Қалтайға аманат етіп табыстады. 2023-2024 оқу жылындағы соңғы қоңырауды соғу құрметі 🔔 11-сынып оқушылары А.Базаралы, А.Көшкінбайға және 1-сынып оқушылары А.Кісебай, Ш.Абдуашқа тапсырылды. Жиын мектеп бітіруші түлектердің “Мектеп бітіру вальсімен” аяқталады.
    ♻️ 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына кешкі уақыттарда ойын-сауық орындарына бармау, қымбат көлік жалдамау туралы қатаң ескертілді.
    Кешкі уақытта мектеп әкімшілігі, 11-сынып жетекшілері, АПБ инспекторымен бірлесіп, түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылатындығын ескертіп, оқушылардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда екендігін айтты.
    25.05.2024
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру