"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-4 сынып білім алушылары үшін бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Мектеп асханасына 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ата-аналар тарапынан тамақтану сапасына мониторинг жүргізіп, тамақ өнімдерінің сапасына, асхана тазалығына тексеріс жүргізді. Мектеп асханасының тазалығына, тамақ сапасына, тамақ өнімдерінің сертификаттарына, асхананың жұмыс кестесінің сақталуына, дайын өнімнің сапасына, сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен өнімдердің сақтау шарттарына тексеру жұмыстарын жүргізді.