Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    "Үкі Әжиевтің өмірі мен шығармашылығы" презентациялық шолу


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог ұйымдастырушы М.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен ⚜️⚜️Үкі Әжиевтің өмірі мен шығармашылығы⚜️⚜️ тақырыбында 6 «А» сынып оқушыларымен презентациялық шолу өтті.
    🖇️ Үкі Әжиұлы Әжиев (1924-2015) Алматы облысының Кемертоған ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірді.
    🖇️Кескіндемеші, акварелист. 1959 жылдан бастап КСРО СО мүшесі болды. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ұлы Отан Соғысының қатысушысы. КСРО медальдарымен марапатталды.
    📎Үкі Әжиев -әлемге 10 мыңнан астам туындыларды сыйлаған қазақстандық бейнелеу өнері үшін көрнекті тұлға. Танылған акварель шебері, өз туындыларында қылқаламның қозғалысымен бірге суретшінің жаны да бейнеленген. Әжиевтің шығармашылығында пейзажбен қатар портрет жанры маңызды орын алады. Әжиевтің портреттеріне тән тақырыптар: жас қыздардың және кемеліне жеткен адамдардың бейнелері, бұл суретшіге рухани эмоциялар әлемін бейнелеуге мұмкіндік берді.
    03.12.2024
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру