Құрметті, Мустапаева Багдат Адилхановна! Сізді айтулы – 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз! Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеңізге мың алғыс! Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз.