"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17 қаңтар күні Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлының қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, интернетке тәуелділіктің алдын алу жөніндегі мәселелер бойынша еркін форматтағы кездесуде ата-аналарға мәселелер бойынша біраз ақпараттар беріліп, сұрақтарға жауап берілді.