«Гаджет және бала» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік педагог А.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларымен «Гаджет және бала» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құндылық: Әділдік және жауапкершілік
Индикатор: Адамның қоғамдағы құқықтары мен жауапкершілігі туралы алғашқы көзқарастың болуы.
Мақсаты: Оқушыларды гаджеттерді дұрыс пайдалану мен олардың денсаулыққа және психологиялық жағдайға әсері туралы ақпараттандыру, ақпараттық технологияларды тиімді әрі жауапты қолдану дағдыларын дамыту, гаджеттердің зиянды және пайдалы әсерлері туралы, олардың қауіпсіздігі мен өз құқықтарын қорғау туралы түсінік қалыптастыру, өздерінің денсаулығын қорғау және уақытты тиімді пайдалану туралы ойлануға шақыру.
Міндеттері:
Гаджеттердің пайдасы мен зиянын түсіндіру;
Балалар мен жасөспірімдер үшін экран алдындағы уақытты реттеу бойынша ұсыныстар беру;
Оқушыларды белсенді демалысқа шақыру және ұялы телефонның уақытша болмауының артықшылықтарын көрсету;