⚜️⚜️Мамандықтар марафоны⚜️⚜️ атты байқау ұйымдастырылды
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28 қаңтар күні Тәрбие бөлімі мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында Мамандықтар марафоны атты байқау ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін кәсібін таңдауға көмектесу. Сонымен қатар, бұл марафон арқылы жастардың өздерінің болашақ кәсіби жолдарын дұрыс таңдауға бағытталған білім мен ақпарат алуларына мүмкіндік беріледі.