«Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі
🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында, Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өткізіліп, ұйымға 22 білім алушы қабылданды. Мемлекеттік ту ортаға шығарылып, әнұран орындалды. Білім алушылардың «Ант» қабылдау сәті ерекше көңіл-күймен өтті. 1 сынып білім алушыларына арнайы сертификат табысталды. ♻️Қорытынды бөлімінде, мектебіміздің директоры С.О.Солтыбаев сөз алып, оқушыларды ұйымға өтуімен құттықтап, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі, ақылды азамат болыңдар деген тілегін жеткізді. Барша жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. #ЖасҚыран #bilimim_otanyma