"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Балдырған жазғы сауықтыру лагерінің Қош бол, сүйікті лагерім!атты аяқталу салтанаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін әңгімелей білуге, ой-өрісін кеңейтуге, бастан өткен қызықты айта білуге үйрету.
Оқушының өмірге деген көзқарасын дамыту. Шешендік, тапқырлық өнерін байқау.
Мектеп директоры Сатыбалды Солтыбаев балаларға өзінің ыстық лебізін білдірді. Мереке соңында мектеп әкімшілігінің демеушілігімен балаларға балмұздақтар таратылды.