Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    ⚜️⚜️АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ – ЖАҢАРТЫЛҒАН ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ⚜️⚜️


    ⚜️⚜️АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ – ЖАҢАРТЫЛҒАН ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ⚜️⚜️
    ✍🏻Бүгін 17 қыркүйек күні "Адал азамат": отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы" тақырыбында брифинг өтті. Брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы: «Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Бұл тәрбие жұмысының ел көлемінде бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруына мүмкіндік береді. Өңірлерде жекеменшік мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту семинарларының сериясы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 800-ге жуық жекеменшік мектептен 23 мыңнан астам педагог оқытумен қамтылды» – деп атап өтті
    ♻️Брифингке спикер ретінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы қатысты.
    ♻️Жаңа тәрбие моделі: «Адал азамат» елдегі барлық мектептерде енгізілді.
    ♻️Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі.
    17.09.2025
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру