«Темір жолдан өту ерекшеліктері, темір жол қауіпті аймақ»
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың қыркүйек айының 16 күні, Шу станциясының ЖПБ қызметкері полиция кіші сержанты М.М.Қасымбек, Шоқпар станциясының бастығы Ж.Т.Гельманов және ПЧ-47 бастығы А.А.Нартбаев «Темір жолдан өту ерекшеліктері, темір жол қауіпті аймақ» тақырыбында мектеп ұжымына, 1-4, 5-8, 9-11 сынып білім алушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.